Спорт

“Qulager” ХК өз айдынында биылғы маусымдағы алғашқы матчын өткізді

“Qulager” ХК өз айдынында биылғы маусымдағы алғашқы матчын өткізді. Тұсаукесер ойында жергілікті команда павлодарлық “Ertis”-пен кездесті. Тұрақты чемпионат аясындағы қос ұжым арасындағы алғашқы кездесу 3 те 4 есебімен аяқталды. Бірақ, кеткен есені солтүстікқазақстандық имектаяқшылар қарымта ойында қайтарды. Кездесуге тіс қайрап шыққан құлагерліктер Павлодар облысынан келген қонақтарды 8 де 2 есебімен тізе бүктірді. Келесі матчта петропавлдық клуб өскемендік “Torpedo”-ны қабылдайды. Облыс орталығында өтетін ойын қыркүйектің 27-28 жұлдызына жоспарланған.

Алдияр Айтпаев