Жамбыл ауданындағы Пресноредуть жалпы орта білім беретін мектебінің өңі кірді. Іргесі 1975 жылы қаланған білім ошағы ескіріп, терезелерінен жел соға бастапты. Шұғыл түрде жөндеуді талап еткен нысан биыл «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында қалыпқа келтірілді. Нақтырақ айтсақ, 1600 шаршы метр шатыр жабыны, 137 терезе ауыстырылған. Сондай-ақ, жылыту жүйесі толығымен жаңартылды. Мектептің астыңғы қабаты реттелген. Бұл шаруаны атқаруға 86 млн теңге бағытталыпты.
ЭЛЬДАР ШҮМЕКОВ, Жамбыл аудандық білім бөлімінің басшысы:
– Бүгінгі таңда Жамбыл ауданындағы 29 оқу ұясының 11-і жөндеуден өтті. Келесі жылы Троицк, Украин, Озерное жалпы білім беретін мектептеріне күрделі жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. Осы бойынша жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленді. Қоса кетсем, ауданда 2600-ден астам оқушы білім алуда. Биыл 178 шәкірт түлеп ұшты. Оның екеуі «Алтын белгі» иеленді.
Алтынай Казиканова