19 жастағы қала тұрғыны 180 мың теңгенің телефонын несиеге алып берсеңіз сыйақы беремін деп 23 адамды алдап кеткен. Ал алынған кредит жойылады деген. Қолға түскен телефонды өзі сатып, ізін суытып отырған. Алданып қалған жандар кейін манағы несиенің жойылмағандығын біледі. 21 жастағы қала тұрғыны да дәл осылай әрекет етіп 13 адамды сан соқтырып кеткен. Алаяқтар ұсталды. Біріншісі ҚР ҚК 190-шы бабының 3-ші бөлігі бойынша 3 жарым жылға, екіншісі 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
Данаш Хамзина