Білім

Педагогтардың біліктілігін арттыру

«Педагогтардың үздіксіз кәсіби дамуы, курстық дайындықты бақылау». Осындай атаумен бүгін жергілікті «Өрлеу» орталығында облыстық workshop ұйымдастырылды. Бұл шараға тек «Өрлеу» орталығының курсынан өткендер ғана қатыса алады. Жиынға өңірімізден 100-ге жуық мұғалім ат салысты. Шара онлайн форматында өтті.

АЛМА ҚАБДЕНОВА, “Өрлеу” БАҰО СҚО бойынша кәсіби даму институты мониторинг қызметінің бас маманы:
– Іс-шараның негізгі мақсаты – педагогтардың кәсіби дамуындағы негізгі мәселелер. Өзара ой бөлісу тақырыбында жүзеге асырылады. Бұл іс-шара негізгі тәжірибе алмасу болғаннан кейін мектеп директорлары, оқу бөлімінің әдіскерлері және облыс педагогтары шақыртылып отыр.

Жиын барысында тыңдаушылар бір-бірімен тәжірибе алмасады. Дәрістен не ұқты, айтылған ақыл-кеңесті болашақта қалай қолдану керектігі жөнінде өзара ұсыныс білдіреді.

АЛМА ҚАБДЕНОВА, “Өрлеу” БАҰО СҚО бойынша кәсіби даму институты мониторинг қызметінің бас маманы:
– Педагогтарымыз кәсіби әрекеттерін шыңдауда республикалық, аудандық, халықаралық байқауларға қатысып, нәтижелерін беріп жатады. 04:31 Яғни курстың ұстаздардың біліміне тигізер әсері мол.

Жалпы, «Өрлеу» орталығында қазіргі уақытта мың жарымға жуық мұғалім біліктілігін шыңдап жүр.

Гульден Симбаева