Денсаулық сақтау

Балалар ауруханасы жаңа жабдықпен толықты

Облыстық көпбейінді балалар ауруханасы жаңа медициналық қондырғымен толықты. Германиялық құрал-жабдық эндоскопиялық тіреу деп аталады. Мамандардың айтуынша заманауи қондырғы құлақ, тамақ және мұрын қуысына ота жүргізу кезінде пайдаланылады. Жаңа жабдықтың мүмкіншілігі көп. Оның көмегімен 10 күн ішінде 20 операция жасалған. Жаңа қондырғының құны 75 млн теңге тұрады. Қаржы облыстық бюджеттен бөлінген.

АБЗАЛ БӨЛЕКБАЕВ, облыстық көпбейінді балалар ауруханасы отоларингология бөлімшесінің меңгерушісі:
– “Қондырғының көмегімен отаның қалай өтіп жатқанын көруге болады. Бұл – жаңа деңгей. Мұндай операция қазіргі уақытта Қазақстанда Алматыда, Астанада және бізде ғана жасалады”.

Гульден Симбаева