Өңірде дүниежүзілік сенбілік өтті

Қоғам

21:56 19 Қыркүйек 2022

Қыркүйектің 17-сі күні 180 мемлекетте сенбілік өтті. Эстония елінен бастау алған Дүниежүзілік шарадан Солтүстік Қазақстан облысы да шет қалмады. Сенбі күні қаламыздың бірнеше ауданы күл-қоқыстан тазартылды. Ауқымды іске түрлі басқарма өкілдері мен еріктілер қатысты. Акция барысында экология департаментінің мамандары Пестрое көлінде бей-берекет шашылған қалдықтарды жинастырды. Шаруаға бейінді органның бас маманы Толқын Жүнісова да білек сыбана кіріскен. Нәзікжанды бұндай шарадан еш уақытта да шет қалмайды.

ТОЛҚЫН ЖҮНІСОВА, облыстық экология департаментінің бас маманы:
– Айына 2-3 сенбілікке қатысамын. Адамдар ластаған демалыс орындарға барамыз. Олардан қалған қалдықтарды жинастырамыз. Сенбіліктерді сәуір айынан бастап алғашқы қар түскенше дейін ұйымдастырып отырамыз. Сенбілікке шығып түрлі күл-қоқысты жинастырған адамдар өздері демалуға барған кезде тазалыққа аса мән береді. Қаламызды бірге таза ұстайық.

Көпшілікпен бірге Пестрое көлінің жағасындағы тұрмыстық қалдықтарды Олег Хряпов та жинастырды. Сенбілікке 10 жастағы жеткіншек анасына ере келіпті.

ОЛЕГ ХРЯПОВ:
– Табиғатымыздағы тазалық сақталса деймін. Айналаға шашылған қоқыстар өзен-көлдерді ластайды. Ал ең сорақысы денсаулығымызға кері әсерін тигізеді. Бұндай сенбіліктерді анам екеуміз үйіміздің ауласында да жиі өткізіп тұрамыз.

Бұл акцияға өңір тұрғындары 5 жылдан бері қатысып келеді. Былтырғы жылы солтүстікқазақстандықтар 116 тоннадан астам қоқыс жинап, қайта өңдеуге жіберген. Жалпы, соңғы жылдары өңірде, соның ішінде қалада тұрмыстық қалдықтардан тазарту жұмыстары қызу жүргізілуде.

АЗАМАТ БЕКТАСОВ, облыстық экология департаментінің басшысы:
– Қазіргі таңда облыс орталығымыздың 50 шақырым айналасында 130 қоқыс үйіндісі анықталған. Оның ішінде 10-ға тартасы қала ішінде. Жергілікті атқарушы орган күшімен оның 50% бүгінгі күнге дейін жойылды. Қалғандары қыркүйектің соңына дейін 100%-ға жойылады.

Сенбі күні өткен сенбілікке барлығы 2400-ге тарта солтүстікқазақстандық қатысты. Ерікті жандар 300 тоннадан астам күл-қоқыс жинады.

Алдияр Айтпаев

Бұдан әрі оқыңыз

Солтүстікқазақстандықтар биыл 65,3 млрд теңгеге ипотекалық несие алған
Шалақындықтар зейнет жасын төмендетуді сұрайды
Қиялы ауылдық округіне жаңа әкім сайланды
Қоғам дертіне айналған интернетпен күрес
Қалада көмір қоры жеткілікті
СҚО-да 100 мыңнан астам зейнеткер тұрады
Көмір алдыңыз ба?
ҚР ҰҰ академиясының 175 курсанты әскери ант берді
Қала әкімі есептік кездесу өткізді
Үздік тәлімгер
«Самұрық-Қазына» қорының өкілдері Петропавлға келді
Бірлік ауылының тұрмыс-тіршілігі