Қоғам қайраткері Н.Болатбаевтың дүниеге келгеніне – 100 жыл

Әр түрлі

21:58 19 Қыркүйек 2022

Халықтың қалаулысы, елдің елеулісі. Бүгін С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада қоғам қайрактері Ніл Болатбаевтың 100 жылдығы аталып өтілді. Шара барысында жиналған қауымға Ніл Адғамұлы жайлы бейнематериал ұсынылды.

Жиынға Ніл Болатбаевтың жақындары мен жергілікті зиялы қауым өкілдері қатысты. Гүлжан Болатбаева – Ніл Адғамұлының қызы. Айтуынша, әкесі балаларын әрқашан адамды сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеген.

ГҮЛЖАН БОЛАТБАЕВА, Н.Болатбаевтың қызы:
– Әкем бізді “Кез келген адамнан бір жақсы қасиет байқауға болады” деп тәрбиеледі. Сол сөзі есімде сақталып қалыпты. Ол өте жауапты кісі болатын. Бізді кітап оқуға баулыды. Табиғатты аялауды үйретті.

Бірі білсе, бірі білмес. Ніл Адғамұлы – қоғам қайраткері әрі талантты басшы болған. 19 жасында екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Ауыр жараланып елге оралады. Мүгедектігіне қарамастан еңбекке араласып, жұмыс істейді. Кезінде партия қатарында еңбек еткен, сан салада тер төгіп, бірнеше жерде жетекшілік қызмет атқарған. Бір сөзбен айтқанда, өңірдің дамуына зор үлес қосқан.

ЖАНГЕЛДІ ТӘЖИН, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
– Ніл Адғамұлының керемет бір қасиеті – жақсы адамды танитын. Сонымен қатар, ол кісінің ерешелігі – адамдарды жақсы көретін. Ніл Адғамұлының облыстың өркендеуіне сіңірген еңбегі ұшан-теңіз.

Облыс орталығында 21 жыл бұрын Ніл Адғамұлына арналып мемориалдық тақта орнатылды. Сондай-ақ, көшелердің біріне Ніл Болатбаевтың есімі берілген.

Гульден Симбаева

Бұдан әрі оқыңыз

Өңір омарташылары қысқа қамдануда
Қазақстандықтар қазан айында қанша күн демалады?
Шекарада адам сейілді
Виктор Зайберттің құрметіне фотокөрме ұйымдастырылды
Биыл СҚО-да ауыл шаруашылығына 21 млрд теңгеге жуық несие қаржысы бағытталды
Петропавлда өткен жылыту маусымында 40 үйде өрт пештен шыққан
Петропавлда Беларусь аяқ киімдерінің жәрмеңкесі өтуде
Мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталуға жақын
Қоғамдық тамақтану орындарында мамандар тапшы
Жергілікті әскери басқару органдарының қызметкерлері марапатталды
Есіл өзеніне 400 мың тұқы балығы жіберілді
Белорустық аяқ киім жәрмеңкесі