Ауыл шаруашылығы

2,7 млн гектар жердің астығы жиналды

Өңірде орақ науқаны қызу жүріп жатыр. Диқандар бүгінге дейін дәнді және бұршақ дақылдарының 87,4 пайызын жинаған, ал майлы дақылдардың 28,1 пайызы қамбаға құйылған. Жауапты іске 7,3 мың комбайн мен 5,7 мың жүк көлігі жұмылдырылған. Сондай-ақ, іске 78,5 мың тонна арзандатылған дизель отыны бағытталып отыр. Айта кетейік, биыл маңызды шаруа 4,4 млн гектар жері қамтыды. Мамандардың айтуынша, қолда бар астық қоры облыс қажеттілігін толығымен жабады.

Алдияр Айтпаев