Қылмыс

СҚО-да пәтер ұрлығы шамамен 28 пайызға азайды

Облыста жыл басынан бері 280-нен астам пәтер ұрлығы тіркелді. Оның 80-нен астамында баукеспелер үйге есік-терезесін бұзып кірген. Өңірде аталған ұрлық түрі өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда шамамен 28 пайызға азайған. Полиция қызметкерлерінің айтуынша баспананың тоналуы – көп жағдайда тамыр-таныстармен қосылып ішімдік ішудің салдары. Кей жағдайда үй иелері есікті кілттеуге ұмытып кетеді. Үйді ұрылардан қорғаудың тиімді тәсілдерінің бірі – бейнебақылау жүйесін пайдалану. Нысанның жеке ұйымдармен күзетілуі де аталған статистиканың төмендеуіне ықпал етіп отыр. Қазіргі уақытта облыста 1200-ге жуық пәтер мен жер үй күзетіледі.

Данаш Хамзина