Құқық қорғау органдары

Петропавлда жыл басынан бері 16 адам ата-ана құқығынан айырылды

Ата-аналық міндетін орындауға құлқысы жоқ жандар – полиция қызметкерлерінің жіті назарында. Осы себеппен бірнеше рет жауапкершілікке тартылған 30 жастағы келіншек жуырда ата-ана құқығынан айырыла жаздады. Тәртіп сақшыларына келіншектің баласын үйде тиісті жағдайлар жасалмағандықтан уақытша облыстық балалар ауруханасына орналастыруларына тура келген. Содан аталған келіншекке қатысты ата-ана құқығынан айыру туралы материал жиналыпты. Сот отырысы өткенше дейін нәзікжанды ішуін қойып, жұмысқа орналасып, баласының тәрбиесіне көңіл бөле бастаған.

ЭЛЬМИРА АБУШЕВА, қалалық ПБ ЖПҚБ бөлімше бастығы:

– “Петропавлда жыл басынан бері сотқа ата-ана құқығынан айыру жөнінде 23 материал жолданды. Соның ішінде 16 адам ата-ана құқығынан айырылып, екеуінікі шектетілді. Дегенмен, ювеналды полиция қызметкерлері жүргізген түсіндіру жұмысының нәтижесінде 5 материал қараусыз қалдырылды, өйткені, ата-аналар жағдайды сотқа жеткізбей тура жолға түсті».