Құқық қорғау органдары

Петропавлда көлік тонауды әдет қылған екеу ұсталды

Ауру қалса да әдет қалмайды. Петропавлда көлік тонаумен айналысып келген 2 жігіт ұсталды. 18 бен 28 жастағы ер адамдар – қала тұрғындары. Бұрын ұрлық жасағаны үшін істі болған. Баукеспелер машиналардың терезесін сындырып кіріп, ішінде жатқан құнды деген дүниелерді қолды қылып отырған. Бұл фактілер ҚР ҚК 188-ші бабының 3-ші бөлігі – “Ұрлық” бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Жалпы, облыста жыл басынан бері көлік тонаудың 26 фактісі тіркелді. Әзірге, оның 15-і ғана ашылды.

Гульден Симбаева