Құқық қорғау органдары

Өзбекстан азаматтарын құрылыс жұмыстарына заңсыз тартқан

Шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған. Өңірде серіктестіктердің бірі өзбекстандықтарды құрылыс жұмыстарына заңсыз қабылдаған. Кәсіпорын өкілдеріне қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 517-ші бабы бойынша материал жиналды. Облыста “Мигрант” деген атаумен жедел-алдын алу шарасы өтіп жатыр. Тәртіп сақшылары көші-қон заңының талаптарының сақталуын тексеру мақсатында жалдамалы пәтер, базар аумақтарын, шаруа қожалықтары мен құрылыс орындарын тексеріп жүр. Екі күннің ішінде шетелдіктерді жұмысқа заңсыз тартудың 12 фактісі анықталды. 2 жұмысберуші жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, 70-тен астам шетелдіктің Қазақстан аумағында болу тәртібін бұзғандығы анықталды. Алтауы ел аумағынан шығарылды.

Гульден Симбаева