Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі өтуде

Билік

21:28 14 Қыркүйек 2022

Елордада Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің ашылуына қатысты. Алқалы жиында ел Президенті Қазақстан үшін әлемнің ең құрметті рухани көшбасшыларын бірге жинап, диалог орнату үлкен құрмет екенін атап өтті. 2 күнге созылатын съезге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы, біздің облыстан 2 өкіл қатысып отыр. Мемлекет басшысы жиынның өткізілуі – еліміз бен бүкіл әлемде диалог пен ынтымақтастықты нығайтуды көздейтін Қазақстан саясатының маңызды бағыты екенін де қоса өтті.


ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті:
– Бұған дейінгі форумдарда қабылданған декларацияларда қандай идеялардың атын жамылғанына қарамастан радикализм, зорлық-зомбылық пен қақтығыстар әрдайым сынға алынды. Қазіргі күрделі жағдайда діни көшбасшылардың бір үстел басына отырып, кез келген қайшылықты еңсеретін ізгі амалдың үлгісін күллі әлемге көрсетуі аса маңызды. Менің ойымша, біздің съездің басты миссиясы мен ерекшелігі осында.

Алтынай Казиканова

Бұдан әрі оқыңыз

ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов ЖЭО-да болды
“AMANAT” партиясының 32-ші облыстық конференциясы өтеді
Өңірде биыл әлеуметтік әріптестік аясында 5 мыңнан астам меморандум жасалған
Бұқараның базынасы тыңдалды
Партия активі Жолдауды талқылады
Құқықбұзушылықтың алдын алу
Петропавлда облыс әкімінің қатысуымен баспасөз туры өтті
Қала әкімі есептік кездесу өткізді
«AMANAT» партиясы облыстық филиалының кезектен тыс ХХХІІ конференциясы өтті
Өңір халқының 40 пайызы ғана көмірмен қамтылған
Облыстық әкімдік отырысы
Өңірге ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы С.Дәулеталин келді