Спорт

“Qyzylgar” ФК шымкенттік “Ordabasy”-ны ойсырата ұтты

Кеше “Qyzylgar” ФК жанкүйерлерді бір серпілтіп тастады. Жергілікті ұжым шымкенттік “Ordabasy”-ны ойсырата жеңді. “Қарасай” стадионында өткен матч 4 те 0 есебімен аяқталды. Алғашқы болып есепті шабуылшы Максим Чиканчи ашты. Кейіннен ойындағы басымдықты жартылай қорғаушы Мусса Коне арттырды. Кездесудегі жарқын жеңіске Валерий Каршакевич пен Элгуджа Лобжанидзенің баспен соққан голдары себеп болды. Енді петропавлдық команда қыркүйектің 15-і күні “Maktaaral” командасына қарсы ойнайды. Матч сырт алаңда өтеді.

Алдияр Айтпаев