Күйеуін пышақтап өлтірген әйелге қатысты сот үкімі шықты

Қылмыс

21:26 8 Қыркүйек 2022

Күйеуін пышақтап өлтірген әйелге қатысты сот шешімі шықты. Естеріңізге сала кетейік, мамырдың 25-і күні түнгі сағат 02:30-да Петропавлда жантүршігерлік оқиға болды. Ерлі-зайыпты арасында туындаған жанжал адам өлімімен аяқталды. Күйеуінің опасыздық жасағанына шыдай алмаған әйелі азаматтың кеудесіне пышақ сұққан. Ер адам сол жерде жан тапсырған. Бүгін осы іске қатысты сот үкім шығарды.

СЕРГЕЙ ВИКТОРЕНКО, СҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы:
– Айыпталушы ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған қауіпсіздігі орташа режиміндегі түзеу мекемесінде 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын. Жазаны өтеу уақыты 25-ші мамырдан, яғни тергеу басталған күннен есептеледі.

Сондай-ақ, сотталушы марқұмның жақындарына 4 млн теңге көлемінде және жәбірленушілер қорына 150 мың теңге көлемінде өтемақы төлеуге міндеттелді.

Алдияр Айтпаев

Бұдан әрі оқыңыз

СҚО-да пәтер ұрлығы шамамен 28 пайызға азайды
19 жастағы петропавлдық 23 адамды алдап түсірген
23 жастағы петропавлдық есірткі сатқаны үшін 10 жылға сотталды
Есіл ауданында серіктестік жұмысшысы 12 тоннадан астам бидай ұрлаған
Петропавлда “Трамадол” дәрілік препаратын заңсыз сату фактісі тіркелді