Полиция қызметкерлері астық ұрлығының жолын кесті. Есіл ауданындағы серіктестік жұмысшысы 12 тоннадан астам бидай ұрлап жатқан жерінен ұсталды. 39 жастағы ер адам олжасын “Камаз”-бен орман ішіне апарып төккен. Жалпы, құны 1,5 млн теңгеге жуықтайтын астық тәркіленіп алынды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Тәртіп сақшылары қазір “Астық” деген атаумен жедел-алдын алу шарасын өткізіп жатыр. Орақ науқаны басталғалы астық ұрлығына қатысты 5 қылмыс тіркеліп, оның төртеуі ашылды.
Данаш Хамзина