Қылмыс

Петропавлда “Трамадол” дәрілік препаратын заңсыз сату фактісі тіркелді

Петропавлда 34 жастағы келіншек рецептпен ғана берілетін “Трамадол” дәрілік препаратын сатып келген. Әйелдің өзі есірткіге тәуелді, бұрын істі болған. Оның тұрғылықты жерінен 160 дәрі мен 60-қа жуық капсула тәркіленді. Әйел бұл препаратты медициналық мекемелердің бірінде жұмыс істейтін дәрігерден алған. Оның өзі “Трамадол”-ды емделуші адамның рецебімен қолға түсірген. Аталған факті “Дәрмек” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықталды. Бұл іс бойынша материал жинақталып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 424-бабы “Заңсыз медициналық және фармацевтикалық қызмет” бойынша әкімшілік сотқа жолданды.

Самал Жунусова