Көпқабатты үйлерді қысқа әзірлеу

ТКШ

21:32 7 Қыркүйек 2022

Бұл – Петропавлдың Абай көшесінде орналасқан 96-шы үй. 1974 жылы тұрғызылған баспанада 90 пәтер бар. Олардың тұрғындары өзара тату. Жыл сайын солтүстіктің аязды әрі боранды қысына бірге дайындалғанды құп көреді екен.

СВЕТЛАНА ГРИШАНОВА, «СКО Абая, 96» МИБ төрайымы:
– Жуып-шаю жұмыстарын өзіміз жақсы танитын ұйым өкілдеріне жүргіземіз. Мамандар іске зор жауапкершілікпен қарайды. Соның арқасында деп ойлаймын, қысқы уақытта біздің үйде жылуға қатысты ешқандай проблема болған емес. Қазір өздері де келіп қалады. Күтіп тұрмыз.

Светлана Гришанова шақыртқан мамандар уақытында келді. Құрал-жабдықтары бар. Барлығын көліктен түсіріп, іске кірісті. Шаруа кем дегенде 2-3 сағатқа созылады. Бұл уақыт ішінде құбырлар түгел жуып-шайылмақ. Осыдан соң мүлік иелері бірлестігінің төрайымына қысқа әзірлік жөніндегі акт табысталады.

ӘСЕМ АЙТУЛОВА, қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз хатшысы:
қаз: 178, 00:05-00:25 Бүгінгі таңда қалада 1115 көпқабатты тұрғын үй бар. Олардың 717-сі алдағы қысқа дайындықты толық аяқтады. Бұл 73 пайыз. Қысқа дайындық жұмыстарын қыркүйектің 15-не дейін аяқтау қажет.

Құбырларды жуып-шаю – өте маңызды жұмыс. Іс неғұрлым сапалы әрі уақытында атқарылса, қыста пәтерлер соғұрлық жылы болмақ. Биыл жергілікті биліктің көмегімен арнайы тізімдегі 52 үй қауырт маусымға дайындық жөнінде құжат алыпты. Олардың барлығы – ескі баспаналар.

ӘСЕМ АЙТУЛОВА, қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз хатшысы:
– 1914-1960 жылдардағы үйлер. Оларда төрағалар болмағандықтан, жуып-шаю жұмыстары дұрыс жүргізмейтін немесе мүлде жүргізілмейтін. Биыл барлық үйде тиісті жұмыс жүргізілді. Көмек көрсетілді.

Жылыту маусымына санаулы күндер ғана қалды. Уақыт бар деп жүргендер іске кірісулері қажет.

Байболат Култанов

Бұдан әрі оқыңыз

Қоқыс мәселесі
“Берекенің” берекесін қашырған қоқыс
Көмір алдыңыз ба?
СҚО-да 650 шақырымнан астам жолды жөндеу қажет
Алдағы демалыс күндері қалада су болмайды