Есірткі таратуға қатысы бар деген күдікпен ұсталған 23 жастағы петропавлдықтың үйінен 30 грамнан астам синтетикалық есірткі табылды. Тәркіленген наша 500 дозаға жуықтайды. Бұл аса ірі көлем болып табылады. Есірткі саудалаған жігіт ҚР Қылмыстық кодексінің 297-ші бабының 3-ші бөлігі бойынша айыпты деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Гульден Симбаева