МТРА жаңалықтарыСпорт

Жасыл алаңдағы жолдастық кездесу

Жасыл алаңда кәсіби футболшылар емес, әуесқойлар күш сынаспақ. Олар: құқық қорғау органдарының өкілдері мен БАҚ қызметкерлері. Бір-біріне сәлден соң қарсы тұратын қос ұжым ойыншылары жаттығу жасап, денелерін қыздырып жатыр.

Алдияр Жылқайдаров,”QYZYLJAR” телеарнасының тілшісі:
– Ойын жақсы өтеді деген сенімдемін. Барлығымыз бір-бірімізді танимыз. Бұл – біз үшін ауқымды көлемдегі бірінші жолдастық ойынымыз. Бұған дейін мұндай кездесулерге қатыспағанбыз.

Құқық қорғау органдарының өкілдері ширақ қимылдады. Жасыл алаңда футболшылар бір-бірін жақсы түсіністі, пас алмасты. Осының нәтижесінде БАҚ қызметкерлерінің қақпасын жиі торуылдап, әріптестерімізді тығырыққа тіреді.

Жолдастық кездесу 2 таймнан тұрды. Әрқайсысы 45 минуттан. Матч 5 те 2 есебімен аяқталды. Құқық қорғау органдарының өкілдері мен БАҚ қызметкерлері арасында өткен ойында алғаш аталған ұжым жеңіске жетті.

Улан Ыдырыс