Құқық қорғау органдары

СҚО-да діни заттар сатумен айналысқан интернет-дүкен анықталды

Елімізге тыйым салынған әдебиеттерді алып өтпек болғандар анықталды. Солтүстікқазақстандық полицейлер мен шекарашылар «Жаңажол» шекара бекетінде ресейліктерді құрықтады. Тексеру барысында олардан ҚР аумағына әкелуге, басып шығаруға және таратуға тыйым салынған діни мазмұндағы кітаптар тәркіленді. Сот шешімі бойынша материалдар экстремистік деп танылды. Ал көрші елдің азаматтарының әрқайсысына Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 453-бабы негізінде 70 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар, өңірде діни заттарды заңсыз сатқан интернет-дүкен қызметін тоқтатты. Ұйымдастырушылар 111 мың 300 теңге көлемінде айыппұл арқалады. Жалпы, жыл басынан бері өңірде дін саласында 18 құқық бұзушылық анықталған.

Байболат Култанов