Құқық қорғау органдары

Қала тұрғыны алаяққа айласын асырғызбады

45 жастағы петропавлдықтың телефонына белгісіз біреу хабарласып, өзін банк қызметкері ретінде таныстырған. Пайдакүнемдердің мұндай іс-әрекетінен хабардар ер азамат бейтаныс жаннан банктің нақты қызметкері екенін дәлелдеуін сұрапты. Алайда, қоңырау шалушы өзінің ресми мәртебесін растай алмаған соң тұтқаны қоя салған.

– Я называю ваши ФИО, подтверждаем вашу личность. Информацию, которую я зафиксировал, с ваших слов, еще раз повторюсь; это тавтология, я извиняюсь, сотрудники банков так не общаются… На данный момент: я готов фиксировать номер вашего действующего договора либо номер вашего ИИН. – полагаю, воспользоваться ИИН. – Фиксирую ваш ИИН, по две цифры, с ваших слов. – Только для начала, подтвердим вашу личность. – что, у вас вызывает сомнения по поводу моей личности.

Телефонға жазылып қалған жазбаны қала тұрғыны полицейлерге әкеп тапсырған. Тәртіп сақшылары бұның алаяқтың әрекеті екенін растады.
Өйткені, шынайы банк қызметкері бұлай сырттан хабарласпайды. Ресми түрде мобильдік қосымша арқылы жүгінуге кеңес береді не болмаса кеңсеге келіп кетуін өтінеді.

Құмарбек Жоламан – СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі:
– Бұндай жағдайға тап болсаңыз сөйлесуді бірден тоқтату қажет. Егер сізге бұл сөйлесу күмән тудырса ол адамға нақтылау сипатындағы сұрақтар қоюға болады. Мысалы қай нөмірге қайтадан қоңырау шалуға болатынын сұрау. Бұл жағдайда қылмыскер сізге жауап қайтармайды немесе банкке қатысы жоқ бір нөмірді айтады. 

Жалпы, жыл басынан бері өңірде интернет-алаяқтықтың 448 фактісі тіркелген. Интернет-алаяқтық фактілері былтырғы аралықпен салыстырғанда биыл 26 жағдайға азайған.

Алдияр Айтпаев