Билік

ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов ЖЭО-да болды

ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов пен Энергетика министрлігінің комитет төрағасы Сұңғат Есімханов Петропавлға жұмыс сапарымен келіп кетті. Меймандар екінші жылу электр орталығының аумағында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарын бақылады. Тілге тиек етсек, бүгінде жартылай опырылып түскен түтін мұржасы толығымен бөлшектеліп жатыр. Жаңасының құрылысы 2023 жылдың сәуірінде басталып, келесі жылу беру маусымына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр. «Севказэнерго» басшылығы алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарына да тоқталып өтті. Оған дейін 11 қазандық пен екі түтін құбыры дайын болмақ.

Алтынай Казиканова