Құқық қорғау органдары

Аңшылар мен балықшылар тексеріліп жатыр

Полиция қызметкерлері орман шаруашылығы өкілдерімен бірлесіп аңшылық маусымы аясында рейд жүргізіп жатыр. Нәтижесінде мамандар заңсыз қару сақтаудың 3 фактісін анықтады. Сондай-ақ, аңшылар мен балықшылардың 60-тан астам әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны әшкере болды.
Жалпы, жыл басынан бері облыс аумағында аң аулау тәртібін бұзуға қатысты 400-ден астам жайт пен балық аулау ережесін бұзудың 250 фактісі анықталды.

Гульден Симбаева