МТРА жаңалықтары

СҚО-да орақ науқаны жалғасуда

 

Солтүстік Қазақстан облысында орақ науқаны жалғасуда. Ағымдағы жылы өңірімізде 4,4 млн гектар жерге ырыс дәні сіңірілгені белгілі. Бүгінгі күнге дейін дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарға тиесілі танаптың 42,6 пайызындағы өнім жиналған. Гектар берекелігі 11,5 центнерді құрайды. Сонымен қатар, майлы дақылдарға бөлінген алқаптың 8,2 пайызындағы алтын дән орылған. Мұндағы көрсеткіш – 6,7 центнер. Өлкедегі күзді дала жұмыстарына 7 мыңнан астам техника қатысып жатыр. Теріскейлік дихандарға 78,5 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлініпті.


Гульден Симбаева