Спорт

“Qyzyljar” ФК жеңіске жетті

 

Жеңілістер сериясынан кейінгі жеңіс. “Qyzyljar” ФК соңғы ойында түркістандық “Turan” командасын тізе бүктірді. Ел чемпионатының 17-ші туры аясында Петропавлда өткен матч 3 те 1 есебімен аяқталды. Бұл кездесуде сұрмерген жартылай қорғаушы Дарко Зорич 2 мәрте қарсыластар қақпасынан саңылау тапты. Кездесуде Жиан Мартинс те көзге түсті. Ол қосымша уақытта алаң ортасынан шірене тартып, біріншіліктегі әдемі голдардың бірін өз атына жазды. Енді солтүстікқазақстандықтар көшбасына мықтап жайғасқан ақтөбеліктермен күш сынасады. Матч сырт алаңда қыркүйектің 5-і күні өтеді. Ойын кешкі 20:00-ге белгіленген.


Алдияр Айтпаев