МТРА жаңалықтары

Мереке күндері полицейлер күшейтілген тәртіпте жұмыс істеді

 

Мерекеде өңір полицейлері күшейтілген тәртіпте жұмыс істеді. 3 күн ішінде “102” арнасына мыңға тарта қоңырау түскен. Оның 700-ге жуығы анықтамалық сипатта шалыныпты. Ал 176-сы бойынша тәртіп сақшылары мекен жайларға барған. Шақыртулардың басым бөлігі үйде жанжал шығарған жандарға қатысты болыпты. Түнгі уақытта тыныштықты бұзған 7 тұрғын жауапқа тартылған. Сонымен қатар, мамандар 20 жол-көлік оқиғасы бойынша оқиға орнына барған.


Дана Ешкенова