МТРА жаңалықтары

Жастар арасындағы экстремизм мен терроризмнің алдын алу

Жастар арасындағы экстремизм мен терроризмнің алдын алу! Дәл осындай атаумен С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада тікелей эфир ұйымдастырылды. Дін істері басқармасының мамандары мен полицейлер бірлесе өткізген іс-шарада қоғамдағы аса маңызды мәселелер көтерілді. Мысалы, қатысушылар Facebook және Instagram желілерін қолданушы жандарға экстремистік идеология, радикалдардың адамдарды заңсыз ұйымдарға тарту жолдары және Қазақстан Республикасындағы заңнаманы бұзған тұлғаға қарастырылған жауапкершілік туралы айтып берді. “Дін саласында тек ресми ақпарат көздеріне сену керек. Интернетте «ұстаз» атын жамылған арандатушылар алдап, тура жолдан тайдыруы мүмкін”,- дейді облыстық полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Жарасбаев.


Байболат Култанов