МТРА жаңалықтары

Республикалық мал өсірушілер слеті аяқталды


Республикалық мал өсірушілер слеті Қызылжар ауданындағы Чапаево селосында аяқталды. Аталған елді мекеннің маңында шағын ауыл пайда болған. Киіз үйлер, сахна, жәрмеңкеге қойылған өнімдер мен техника. Көрмедегі төрт-түлікке де көз түседі. Жиналған халықтың қарасы қалың. Ауқымды іс-шараға облыс әкімі Құмар Ақсақалов пен Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев те қатысты.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
–  Бүгінгі слетке ауыл шаруашылығын ойлайтын адамдар жиналды деп ойлаймын. Ауылдың болашағы мал шаруашылығымен тікелей байланысты. Жерің болса міндетті түрде мал шаруашылығымен айналысу керек деп ылғи айтамыз.

Өз кезегінде Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев слетке қатысушыларды құттықтап, шараның маңыздылығын атап өтті.

ЕРБОЛ ҚАРАШӨКЕЕВ, Ауыл шаруашылығы министрі:
– Малшылар слетінің негізгі мақсаты – ата кәсіпті жаңғыру, салаға заманауи технологияларды енгізу, ірі өңдеу кәсіпорындарын қалыптастырып, осы саланың экспорттық әлеуетін дамыту.

Ауыл шаруашылығы жануарларының көрмесі біршама жерді алып жатыр. Мұнда төрт-түліктің бәрі бар. Тіпті, түйе де әкелініпті. Қалмақ бұқасы көп адамды жанына жиды. Бұл тұяқты Мамлют ауданындағы “Қызыләскер” серіктестігіне тиесілі.

люфт:

Скот неприхотливый. В наших условия он чувствует себя лучше. Даже чем в Калмыке.
– У вас сколько голов?
– 607.
– Сколько лет занимаетесь?
– С 11 года. Затраты на них минимальные.

Мал өсірсең – қой өсір, өнімі оның көл көсір! Облыста Шопан ата төлдерінің санын ұлғайту мақсатында ауқымды шаруа атқарылып жатыр. Мәселен, бүгінде өңірде асыл тұқымды тұяқтыларды өсіретін 3 шаруашылық бар. Олар: «Қаратомар», «Шұғыла» және «Екпін 2002».
Соңғысында қазір 4,5 мыңнан астам мал басы бар.

люфт:

– Здесь представлены овцематки 2018 года рождения. Родились в нашем хозяйстве. 0,13 В прошлом году мы через “СПК “Солтүстік” кредитовали 159 млн тенге. Приобрели 2598 голов племянных овец.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
– Вы занялись этим года 3 назад, начали с малого количества. Говорит, что пожалел, что взял маленький кредит и приобрёл малое количество животных. Мы сразу дали кредит 160 млн тенге. Он уже довёл до 4 тысяч голов. Вот такие хозяйства мы будем поддерживать.

Азық-түлік өнімдері де жұртшылық назарына ұсынылды. Барлығы өңірде жасалған.

люфт:

– Здесь представлена вся наша местная продукция. Свежий урожай капусты, маркови и картошки. Все наше. Мы полностью обеспечены по маслоподсолнечному изделию.

Бүгінгі таңда облыста 22 заманауи ферма бар. Олар соңғы 4 жылда ашылған. Алдағы уақытта көрсеткіш біршама артады. 2026 жылға дейін өңірде 52 нысан салу жоспарланып отыр. Оның 17-сі – құрылысы қазір жүріп жатқан тауарлы-сүт фермалары. Өндіріс ошақтары 12 мың басқа шақталған. Ал жалпы жылдық қуаттылық 58 мың тоннадан асып жығылады.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
–  600 басқа арналған бір ферма 10 мың адамды сүтпен қамтамасыз ете алады. Соңғы 3 жылда ашылған кәсіпорында сүт өндіру 26 пайызға артты. Бұл жұмыс әрмен қарай міндетті түрде жалғастырамыз.

Республикалық мал өсірушілер слеті марапаттау рәсімімен жалғасын тапты. Көпшілік алдында сала үздіктеріне түрлі дәрежедегі марапат табысталды.

Слет соңында көпшілік теріскейлік таланттардың өнерін тамалады.


Самал Жунусова