МТРА жаңалықтары

«Құрылтай» мобильді қосымшасы іске қосылады


 

Алдағы күзде Қазақстанда «Құрылтай» мобильді қосымшасы іске қосылады. Оның көмегімен әр азамат өз ұсынысын білдіріп, толғандырған мәселесін жолдай алмақ. Бұл туралы Ұлттық құрылтай төрағасының орынбасары Бибігүл Жексенбай мәлімдеді. Сонымен қатар, отандық телеарналарда айына бір рет «Құрылтай» деп аталатын арнайы жоба ұйымдастырылмақ.

Бибігүл Жексенбай, Ұлттық құрылтай төрағасының орынбасары
– Мемлекет басшысы арнайы «Құрылтай» деп аталатын мобильді қосымша іске қосылатынын айтқан еді. Аталған қосыша қазір дайындалып жатыр. Алдағы күзде іске қосылады. Онда eGov жүйесі сияқты әр азамат өз ұсынысын жолдап, толғандырған мәселелерді айтатын мүмкіндік бар. Айта кетерлігі, бұл қосымшада жүйеге келіп түскен мәліметті я болмаса ақпаратты қорғау жағы да қарастырылған. Толық мәлімет қосымшаның тұсаукесері болған кезде айтылады.