МТРА жаңалықтары

“Қос азаматтықпен” жүрген 94 адам жауапкершілікке тартылды


Облысымызда «қос азаматтығы бар» тұлғалардың қарасы көбеюде. Өткен жылы екі елдің куәлігімен жүрген 85 адам анықталған. Ал ағымдағы жылы осындай 94 азамат белгілі болды. Яғни, бұл көрсеткіш 11 % өскен. Олардың екеуі ел аумағынан шығарылса, 92 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көші-қон қызметі басқармасы мамандарының айтуынша қос азаматтық пен жүргендерге әкімшілік жауапкешілік қарастырылады. Қазақстан құжаттарын заңсыз қолданғандар ел аумағынан шығарылады немесе үлкен мөлшерде айыппұл төлеуі мүмкін.


Гульден Симбаева