МТРА жаңалықтары

Конституция күніне арналған іс-шаралар жоспары

The YouTube ID of <span> <span style="font-size: small;">Конституция күніне арналған іс-шаралар жоспары</span> </span> is invalid.

 

АЛДИЯР АЙТПАЕВ, тілші
– Сенбі – ағымдағы аптадағы соңғы жұмыс күні. Енді Конституция күніне орай 3 күн демаламыз. Мерекеде шаһар төрінде қандай іс-шаралар өтпек? Жерлестеріміз қай жерде мейрамды атап өте алады? Бұл сұрақтарға облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Досбол Әбдірисов жауап берді.

ДОСБОЛ ӘБДІРИСОВ, СҚО мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы
– Конституция күніне бірқатар іс-шара жоспарланған. Атап айтсақ, тарихи-өлкетану музейінде “Ата заң – алтын тұғырымыз” атты көрме өтеді. Сонымен қатар, Абылай хан резиденциясында “Ата заң – біздің болашағымыз” атты шара өтеді.
3-20 Қаламыздың орталық алаңында “Еркіндіктің асқақ шыңы – Ата заң” тақырыбына мерекелік концерт ұйымдастырылады.

Ата заңымыздың 27 жылдығы аудандарда да аталып өтіледі. Нақтырақ айтсақ, кітапханаларда, музейлер мен архивтерде көрмелер, тақырыптық сағаттар және кездесулер ұйымдастырылады. Естеріңізде болар, соңғы 2 жылда өңірімізде пандемияға байланысты Конституция күніне арналған мерекелік жиындардың барлығы онлайн форматта өткізілді.