5 солтүстікқазақстандыққа Петропавл қаласының Құрметті азаматы атағы берілді

МТРА жаңалықтары

18:17 27 Тамыз 2022

Конституция мерекесі қарсаңында түрлі салада жұмыс жасап, еліміздің дамуына үлестерін қосып жүрген бірқатар азаматтың еңбегі еленді. Бес жерлесіміз Петропавл қаласының Құрметті азаматы атанды. Олар: кәсіпкерлер, құтқарушылар мен қоғам белсенділері. Араларында мәдениет саласының дамуына үлес қосқан Дәмеш Құрманкина бар.

ДӘМЕШ ҚҰРМАНКИНА, Петропавл қаласының Құрметті азаматы:
– Көптеген патриоттық әндер айтамын. Жас ұрпақты патриотизмге тәрбиелеп жүрмін. Сонымен қатар, қазақ мектеп гимназиясында өнер орталығы бар. Мен соны басқарып, оқушыларды тәрбиелеп жүрмін. 35 жылғы еңбегім зая кетпеді

Атаққа жергілікті Қозыбаев университетінің оқытушысы, заңгер және депутат Павел Афанасьев та ие болды. Азамат өз жұмысынан бөлек қоғамдық істерге де белсене араласады.

ПАВЕЛ АФАНАСЬЕВ, Петропавл қаласының Құрметті азаматы:
– Бүгін қаламыздың Құрметті азаматы атағын алдым. Бұл менің қоғамға кішкене де болсын тигізген пайдамның жемісі деп білемін. Бұнымен тоқтамаймын. Қоғамдық өмірге белсенді араласып, қаламыздың дамып, гүлденуіне ат салысамын

Конституция Күні қарсаңында ерекше көзге түскен қала тұрғындарына алғыс хаттар мен Құрмет грамоталары табыс етілді. Шара соңында барлығы естелік суретке түсті.


Самал Жунусова

Бұдан әрі оқыңыз

МТРК жаңалықтары 12.09.2022
МТРК жаңалықтары 13.09.2022
Жасыл алаңдағы жолдастық кездесу
МТРК жаңалықтары 09.09.2022
МТРК жаңалықтары 06.09.2022
МТРК жаңалықтары 16.09.2022
МТРК жаңалықтары 15.09.2022
МТРК жаңалықтары 23.09.2022
МТРК жаңалықтары 19.09.2022
МТРК жаңалықтары 27.09.2022
МТРК жаңалықтары 21.09.22
МТРК жаңалықтары 30.09.2022