Спорт

Солтүстікқазақстандық гимнастар жүлделі оралды


Теріскейлік таланттар тәнті етті! Тамыздың 17-сі мен 23-і аралығында Алматы қаласында жасөспірімдер арасында көпсайыс пен батуттық гимнастикадан Қазақстан чемпионаты өтті. Аталған сайыста еліміздің 10 облысынан жиылған 100-ге жуық жас бақ сынады. Оның 10-ы – солтүстікқазақстандық. Жарыс қорытындысы бойынша жалынды жерлестеріміз 4 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль еншіледі. Жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілгендер – Олег Ремигайло, Сергей Галицкий, Ростислав Клюев және Артем Любых.


Гульден Симбаева