МТРА жаңалықтары

Өңірдің бас тәртіп сақшысы азаматтарды қабылдау өткізді

Солтүстік Қазақстан облыстық Полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов азаматтарды қабылдау өткізді. «AMANAT» партиясының жергілікті филиалында өткен шарада 4 адамның базынасы қаралды. Мәселелер қылмыстық істің тергелу барысына және жұмысқа орналасуға қатысты болды. Алдағы уақытта әр мәселе мұқият зерттеліп, ішкі істер органдары құзыреті шеңберінде толық жауап берілмек. Жыл басынан бері Полиция департаментіне 2 мыңға жуық өтініш түсіпті. Олардың 1878 қарастырылған. Басым бөлігі қанағаттандырылыпты. Ал аймақтың бас тәртіп сақшысы биыл 133 азаматты қабылдаған. Айдын Қабдұлдиновтің қабылдауына экранда көрсетілген нөмірлер бойынша жазылуға болады. Сондай-ақ, Facebook желісіндегі ресми парақшасы арқылы жүгіне аласыздар. 8 (7152) 39-40-20, 39-41-63.