МТРА жаңалықтары

«Қазақстан мұрасы» акциясы

 

Ата заңымыздың 27 жылдығы қарсаңында облыс орталығында «Қазақстан мұрасы» атты акция өтті. Ол орталық алаңда ұйымдастырылды. Іс-шара аясында шаһардың кішкентай тұрғындары алдағы мерекеге арнап суреттер салды. Мәселен, жас қылқалам шеберлері мемлекеттік рәміздерді, еліміздің көрікті жерлерін қағаз бетіне түсірді. “Мұндағы басты мақсат – балаларға атаулы датаның мән-маңызын ұғындыру”,- дейді акция ұйымдастырушылары.

ДМИТРИЙ МАРФИН, акцияға қатысушы:
– Мен тудың суретін салып жатырмын. Туындым әдемі шығу үшін интернеттен мемлекеттік рәміздің фотосуретін қарап алдым. Сосын өзіме қажет көк, қоңыр және сары түсті қарындаштар алдым.

АНТОН ШИШКАНОВ, «JE SKO» ҚБ төрағасы:

– Акцияға қатысқан бүлдіршіндердің ешқайсысы елеусіз қалмады. Олардың барлығына тәттілер табыс етілді. Қаламыздың кішкентай тұрғындары өте белсенді. Сурет салуға деген қызығушылықтары да зор.