МТРА жаңалықтары

«Астық» жедел-алдын алу шарасы өтуде

Өңірімізде “Астық” жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде. Акцияның басты мақсаты – орақ науқаны барысында күзгі өнімнің, жанар-жағармайдың, қосалқы бөлшектердің және тыңайтқыштардың ұрлануына жол бермеу. Қазір аққайыңдар өлкесінде арнайы мобильді топтар құрылған. Олар республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдарда, алқаптарда рейд жүргізеді. Оның барысында астық тасымалдайтын ауыр жүк көліктері тоқтатылып, жүргізушілердің ілеспе құжаттары тексеріледі. Құқық қорғаушылардың сөзінше, көбінесе күзгі уақытта ұрлыққа агроқұрылымдарда уақытша жұмыс істейтін адамдар барады. Облыс аумағында “Астық” жедел-алдын алу іс-шарасы 10-шы қазанға дейін жалғаспақ.

Ұлан Ыдырыс