МТРА жаңалықтары

Құтқарушылардың жалақысы артады

 

Құтқарушылардың жалақысы 3 жыл бұрын 60 мың болса, қазір 180 мың теңгені құрайды. Бұл туралы өңірге жұмыс сапарымен келген ТЖ министрі айтты. Юрий Ильиннің сөзінше, сала өкілдерінің табысы кезең-кезеңмен тағы да артады. Журналистерге берген сұхбатында ведомство басшысы тағы бір өзекті мәселеге тоқталды. Оның облысымызға тікелей қатысы бар. Өлкемізде салынып жатқан кейбір көпқабатты үйлерде арнайы баспалдақтардың жоқтығы мәлім. Олар әкімдіктің тікелей араласуымен орнатылуы қажет. “Ал министрлік мұны бақылауға міндетті”,- дейді еліміздің бас құтқарушысы. Сөз барысында Төтенше жағдайлар министрі №2 жылу электр орталығындағы мәселеге де тоқталды.

ЮРИЙ ИЛЬИН, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:
–  Біз іздестіру жұмысына қатыстық және мұржаның әрі қарай құлап кетпеуіне көмектестік. Қазір Энергетика министрлігі жұмыс істеп жатыр. Себебі бізде 2011 жылдан қазандық пен газ шаруашылығы, өнеркәсіп қауіпсіздігін бақылау функциясы жоқ. Дегенмен, қысқы кезеңге дайындық жөніндегі ведомствоаралық комиссияға жалпы бақылау жүргіземіз. Сонда өзекті мәселелерге назар аударамыз.


Самал Жунусова