МТРА жаңалықтары

Автобус жүргізушілері 766 бұзушылыққа жол берген

 

 

Патрульдік полиция қызметкерлері “Жезқазған-Петропавл” тас жолында облыс орталығы мен Новоишимское ауылы арасында қатынайтын жолаушылар автобусын тоқтатты. Құжаттарды тексеру барысында 51 жастағы жүргізушіде «D» санаты жоқ екені анықталды. Нәтижесінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 612-бабы 2-бөлігі негізінде хаттама толтырылды. Сондай-ақ, темір тұлпардың иесі де осындай жауапкершілікке тартылды.

ЛЮФТ:

  • Акимат предоставил: до 2026 года. Техпаспорт ваш, пожалуйста.

Жыл басынан бері аймақта жолаушылар көлігінің қатысуымен 4 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 1 адам қаза тапқан және 10 адам жарақат алған. Жалпы, өңір аумағында өткен 7 айда қоғамдық көлік жүргізушілері 700-ден астам бұзушылыққа жол берген. Оның басым бөлігі – қозғалыс кезінде телефонмен сөйлесу. Ережені елемегендердің барлығы жауапкершілікке тартылыпты. Жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тәртіп сақшылары оқу жылы қарсаңында тексеріс шарасын күшейткен.

Баян Байғаскина, СҚО ПД Жергілікті полиция басқармасы қызметінің аға инспекторы:
–  Ағымдағы жылы тамыздың 22-нен республика аумағында “Абайлаңыз, балалар!” жедел профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Аталған іс-шараның негізінде полиция қызметкерлері көлікті бақылау инспекциясы қызметкерлерімен бірлесіп, жаңа оқу жылының қарсанында барлық қоғамдық көлікті тексерді. Ағымдағы жылдың басынан қоғамдық көлік жүргізушілерімен 766 құқықбұзушылық анықталды.

Патрульдік полиция қызметкерлері такси жүргізушілерін де назардан тыс қалдырмайды. Олар жеңіл көлікпен жолаушы тасымалдайтын адамдардың құжатын тексереді. Егер тиісті куәлік ұсынылмаса, тұлға жауапқа тартылады. Жыл басынан бері мұндай 36 жүргізушіге хаттама толтырылыпты.

Байболат Култанов