МТРА жаңалықтары

Ұлттық ұлан Академиясына жаңа басшы тағайындалды

 

Петропавлдағы Ұлттық ұлан Академиясының бастығы ауысты! Енді жауапты қызметті 2015 жылдың қазан айынан бастап Ұлттық ұлан Бас штабы бастығының бірінші орынбасары болған Артур Тоқышев атқармақ. Полковникті оқу ордасының жеке құрамына Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының орынбасары, генерал-майор Бауыржан Әбжанов таныстырды. Артур Қалиақпарұлы – Ресей Ішкі әскерлерінің жоғары командалық училищесінің түлегі. Ол әр жылдары Тараз, Алматы қалаларындағы және Қаракемер кентіндегі әскери бөлімдерге басшылық еткен. Айта кетейік, биыл шаһардағы Академияға 187 бала түсіпті. Жігіттер қыркүйек айында ант қабылдамақ.

Гульден Симбаева