МТРА жаңалықтары

Үкіметте құрылыс саласын реформалау мәселелері қаралды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов құрылыс саласын реформалау және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Жиын барысында индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаев құрылыс саласының тиімділігін арттыру тетіктерін әзірлеу қорытындылары бойынша заңнамалық түзетулер пакеті дайындалғанын атап өтті. Жаңа нормаларды енгізудің арқасында шағын және орта бизнестің мемлекеттік сатып алуға қатысу мүмкіндіктері кеңеймек. Сондай-ақ, заңсыз және өнімсіз қосалқы мердігерлердің және біліктілігі жоқ лицензиаттардың қызметін шектеу жоспарланып отыр.


Дана Ешкенова