МТРА жаңалықтары

Қазақстанда дизель отынын сатуда шектеу байқалады

Қазақстанда дизель отынын сатуда шектеу байқалады. Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың айтуынша, биыл күзгі дала жұмыстарына 423,5 мың тонна сұйықтық бөлінген. Мұнай өңдеу зауыттарындағы өнім ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қарқынды түрде жеткізіліп жатыр. 1 литрінің бағасы 184 теңгені құрайды. Бұл нарықтағы бағадан 15-25%-ға төмен. 22 тамыздағы жағдай бойынша мұнай базаларында АИ-92 бензинінің жиынтық қоры 180 мың тоннаны құрайды. Мұндай көлем елдегі қажеттілікті 14 күнге жабады.

Болат Ақшолақов, ҚР энергетика министрі:
– Дизель отынының қоры 220,8 мың тоннаны құрайды, бұл 13 күнге жетеді. Ал ҚР мұнай өңдеу зауыттарындағы қор: АИ-92 – 71 мың тонна, дизель отыны – 53,4 мың тонна. АИ-92 бойынша жағдай тұрақты, жанармай құю станцияларының негізгі желілерінде шектеулер жоқ. Сонымен қатар, дизель отыны бойынша отынды сатуда шектеулер, яғни талондар мен карталар арқылы отын беруге көшу, лимиттер белгілеу байқалады.

Дана Ешкенова