МТРА жаңалықтары

Көлеңкелі бизнеспен күрес!

Көлеңкелі бизнеспен күрес! Петропавл полицейлері жыл басынан бері 15 тоннадан астам лицензияланбаған алкоголь өнімін тәркілеген. Заңның ала жібін аттағандар жазасыз қалмайды. Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған дерекке сүйенсек, биыл қаламызда тиісті құжаттары жоқ спирттік ішімдік сатқан үшін 55 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар, шаһарда 21 жасқа толмаған жастарға шайтан суды саудалаудың 23 фактісі тіркелген. Мұндай жайт көбінесе рейдтік іс-шаралар мен тұрғындардан келіп түскен қоңыраулар негізінде анықталады. Мәселен жақында рұқсат етілмеген азаматқа алкоголь өнімін сатқан тұлға әшкереленді. Нәтижесінде дүкен иесіне 122 мың 520 теңге көлемінде айыппұл салынып, лицензиясының күші 1 айға тоқтатылды.


Байболат Култанов