МТРА жаңалықтары

Әділдікті талап ет


 

 

Әділдікті талап ет! Елімізде осындай атаумен жаңа акция өткізіліп жатыр. “Әділдік жолы” республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған шара барысында жөнделген жолдар тексерілуде. Мұндай учаскенің бірі – Есіл ауданындағы “Покровка-Корнеевка-Горное” ауылдары арасындағы трасса. Бұл жол соңғы 3 жылда күрделі және орташа жөндеу көріпті. Алайда, кейбір жерінде ой-шұқыр пайда болған. Бұған ауыр жүк көліктері кінәлі. Мәселенің алдын алу үшін акция қатысушылары іске заманауи өлшеу станциясын енгізу қажет деп отыр. Ол темір тұлпардың және жүктің салмағын автоматты түрде өлшемек. Егер тиісті талап ескерілмесе, жүргізушіге және машинаны жолға шығарған тұлғаға айыппұл салынады.

НҰРЛАН БЕКМАҒАНБЕТОВ, СҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы
– Біз қазір “Покровка-Корнеевка-Горное” ауылдары арасындағы жолда тұрмыз. Өздеріңіз көріп тұрғандай, тас жолдың кейбір тұсы бұзылған. Ал бұл учаскенің жөнделгеніне 5 жыл болған жоқ. Ауыр жүк көліктерін көзіміз шалды. Тұрғындарды жауапкершілік танытуға шақырамыз.