Спорт

“Qulager” ХК жаңа маусымға дайын

“Qulager” хоккей клубының басшылығы кезекті маусым алдында баспасөз-конференциясын өткізді. Жанкүйерлердің қатысуымен өткен жиында өңір намысын қорғайтын құрам таныстырылды. Ағымдағы жылы ұжым 50% жаңарған. Қатарға жаңадан қазақстандық және ресейлік ойыншылар қосылыпты. Биыл капитан да басқа. Жігіттерді айдынға шабуылшы Илья Ахметов бастап шығатын болады. Құлагерліктер сырт айдында 2 мәрте рудныйлық “Gornyak”-пен жолдастық кездесу өткізіп үлгерген. Алғашқы матч 4 те 6 есебімен солтүстікқазақстандықтардың пайдасына шешілсе, қарымта ойында 3 те 2 есебімен айдын иелері жеңіске жеткен.


Алдияр Айтпаев