Солтүстікқазақстандық жас ақын Абай оқуларынан жүлделі оралды

МТРА жаңалықтары

18:36 22 Тамыз 2022
Солтүстікқазақстандық ақын Абай оқуларынан жүлделі оралды. Қасиетті Жидебай жерінде өткен додада Бекзат Бағдат есімді жас дарын 3-ші орын еншіледі. Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясының оқушысы «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» аталымында жүлдеге ілікті. Мұндай марапат теріскейлік таланттар соңғы рет осындан 4 жыл бұрын бұйырыпты.
БЕКЗАТ БАҒДАТ, «Абай оқулары» республикалық байқауының жүлдегері:
– Мен осы жарысқа 8-ші сыныптан бастап дайындалдым. Өз нәтижесін берді. Абай оқуларына 5 өлен апардым. «Абайға арнау”, «Семейге арнау» деген сияқты. Және еркін тақырыптарда өлен жаздым.
Бекзаттың Абайға арнаған бірнеше өлеңі бар екен. Соның бірі “Кие” деп аталады. Ұлы ақынның туған ауылында осы туынды оқылыпты.
Өз туындыңды паш ету, ұлы тұлғаның өлеңдерін мәнерлеп оқу, әндер шырқау, күйлерін тарту, эссе жазу. «Абай оқулары» республикалық байқауы 6 аталым бойынша өткен. Тиісінше, әрқайсында көп ішінен таңдалған теріскейлік таланаттар бақ сынаған. Бекзат Бағдат өз номинациясында 21 жаспен иық тірестіріпті.
ЖАРҚЫН ЖҰПАРХАН, Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:
–  Мектептің ішінен, қаладан, облыстан жүлдергер болған, өлең жаза білетін дарынды оқушылар қатысты. Сол 21 оқушының ішінен 3-ші орын иелену – бізге үлкен жеңіс.
Медаль және Оқу-ағарту министрінің қолы қойылған 3-ші дәрежелі диплом. Шырайлы шығыста қанжығаға байланған бұл қос жүлде жас ақынға естелік болып қалмақ.

Бұдан әрі оқыңыз

Жасыл алаңдағы жолдастық кездесу
МТРК жаңалықтары 21.09.22
МТРК жаңалықтары 26.09.2022
МТРК жаңалықтары 15.09.2022
МТРК жаңалықтары 09.09.2022
МТРК жаңалықтары 07.09.2022
МТРК жаңалықтары 30.09.2022
МТРК жаңалықтары 23.09.2022
МТРК жаңалықтары 19.09.2022
МТРК жаңалықтары 13.09.2022
МТРК жаңалықтары 08.09.2022
МТРК жаңалықтары 06.09.2022