МТРА жаңалықтары

Шалқар көлінің жағасы жиналды

Шалқар көлінің жағасы жиналды! Айыртау ауданының жастар ресурстық орталығы шарапаты мол шара ұйымдастырды. 20-дан астам адамнан тұратын топ “Таза жағалау” акциясы аясында көпке танымал су айдынының жағасын қоқыстан тазартты. Табиғат аясына әртүрлі тұрмыстық қалдық тасталған. Іске білек сыбына кіріскен еріктілер 450 келі қалдықты арнайы орынға жіберді. Сондай-ақ, қыз-жігіттер “JE SKO” жасағының жауынгерлерімен бірге спорттық шарада сынға түсті. Айта кетейік, еліміздегі курорттық орындарды күл-қоқыстан тазарту және қосымша контейнерлер қою бастамасын Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов көтерді.


Алдияр Айтпаев