МТРА жаңалықтары

Республикалық Тамыз конференциясы өтті

Елімізде республикалық Тамыз конференциясы өтті. Педагогтердің басқосуында балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелері талқыланды. Биылдан салада “оқушы-мектеп-ата-ана” атты жаңа формат пайда болады. Тың жоба тараптардың бірлесе жұмыс атқаруын ынталандыруға септеседі. Сондай-ақ, ағымдағы жылдан 7-ші және одан жоғары сыныптардың оқушыларына болашақ мамандығын таңдауға көмектесетін “Кәсіби бағдар беруші-педагог” пәні және 1-ші сыныптан бастап “Еңбекке баулу” пәні қайта оқытылады. Эксперименттік бастама ретінде мектептер манынан жылыжайлар құру көзделеді. 2021 жылдан бері республика бойынша 700-ден астам балабақша ашылды. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту шараларының арқасында балабақшаларға кезек 30%-ға қысқарды. 100-ге тарта колледж жанынан студенттерді жұмысқа тарту және қажетті тәжірибе алу үшін шағын кәсіпорындар құрылуда.


Алдияр Айтпаев