Өңірде 6 мектеп жабылуы мүмкін

Білім

18:45 22 Тамыз 2022

Жаңа оқу жылының басталуына саусақпен санарлық күн қалды. Ал биыл еліміздің білім саласында бірқатар жаңашылдық орын алды. Өзгерістерді өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында аққайыңдар өлкесінің бас ұстазы жіпке тізді. Алдымен Нәзір Жәшібеков енді соңғы қоңыраудың сәл кешірек соғылатынын және бірнеше пәннің мектеп бағдарламасынан алынып тасталғанын мәлім етті.

НӘЗІР ЖӘШІБЕКОВ, СҚО білім басқармасының басшысы
–  “Өзін-өзі тану” пәні алынып тасталды. Биылдан бастап қазақ мектептеріндегі 1-ші сынып оқушылары тек қазақ тілінде оқиды. Ал орыс мектептеріндегі 1-ші сынып оқушылары қазақ және орыс тілдерінде оқиды.

Ұл-қыздар жайлы, жылы әрі жарық мектептерде білім алуы тиіс. Қуанышымызға орай, өңірде жөндеу көрген оқу ошақтарының саны жыл сайын артып келеді. Биыл маңызды жұмыс 20-дан астам нысанда жүргізіліп жатыр.

НӘЗІР ЖӘШІБЕКОВ, СҚО білім басқармасының басшысы
–  Ағымдағы жылы 26 мектеп күрделі жөндеу көріп жатыр. Оның барлығы – ауыл мектептері. 4 нысандағы жұмыс аяқталды.

Алдағы оқу жылында 306 ауылдың 2 мыңнан астам баласы жақын маңайдағы елді мекенге тасымалданбақ. Бірақ, бұл цифрлар өзгеруі мүмкін. Қазіргі таңда жергілікті билік облыстағы 472 мектептің 6-ауын жабу мәселесін қарастырып жатыр екен. Қуантарлығы, биыл өңірдегі бірде-бір білім ошағы қысқармайды.

НӘЗІР ЖӘШІБЕКОВ, СҚО білім басқармасының басшысы
– Барлық білім беру ұйымында санитарлық-эпидемиологиялық режим сақталады. Дезинфекциялық құралдар толық сатып алынды. Білім беру ұйымдарында ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін мұғалімдер мен қызметкерлерді қайта ревакцинациялау бойынша жұмыс жүргізілуде.

Биыл өңір колледждеріне 3 жарым мың студент түспек. Оның 1900-ға жуығы жұмысшы мамандықтарына түспек. Брифинг соңында Нәзір Жәшібеков журналистердің сұрақтарына жауап берді.


Байболат Култанов

Бұдан әрі оқыңыз

Қаламыздағы 4 мектепке тау тұлғалардың есімі берілді
Шал ақын ауданында екі мектеп “Ауыл-ел бесігі” бағдарламасы аясында жөндеу көрді
Жас мұғалімдердің форумы
Қозыбаев университетінде халықаралық конференция өтті
37 жылдық еңбек өтілі бар мұғалім
Нашақорлықпен күрес
Тілдер апталығы аяқталды
Құмар Ақсақалов: мақсат – өңірде 6 мектеп ашу
“Өрлеу” орталығында кезекті оқыту курсы өтіп жатыр
Университет ұжымы Президент Жолдауын талқылады
Өндірістік тәжірибеден кейін жұмысқа орналасқандар
Қозыбаев университетінде қос дипломды оқу бағдарламасы іске қосылды