МТРА жаңалықтары

3 күндік демалыс

Ел тұрғындары тамыз айында 9 күн демалады. Дәстүрлі сенбі-жексенбіден бөлек қазақстандықтар сейсенбіге келетін Конституция күнінде де тынығады. Осы ретте тамыздың 27-сі, яғни сенбі жұмыс күні болады да оның орнына дүйсенбі демалыс күні болып белгіленіп отыр. Нәтижесінде қазақстандықтар қатарынан үш күн тынығады.


Алдияр Айтпаев